Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асыра сілтеп жатқан жоқпыз ба?

12.04.2020, 15:27 1318

HALYQLINE.KZ –| Бүгін азық-түлік сатып әкелуге далаға шығып едім, әскерилер екі рет тоқтатты: «Қайда бара жатырсыз?» деп. Сонша не болды? Асыра сілтеп жатқан жоқпыз ба? Көше қиылыстарында 3-4-тен тұрған әскери киімдегі адамдардың өзі-ақ сені үрейлендіреді. Европадағы, Америкадағы таныс адамдарымызбен біз де хабарласып отырмыз. Ол жақта да карантин, бірақ көшеде ешқандай әскерилер жоқ, маска тағу міндетті емес, өз еркің. Қала ішінде жүруге тыйым салынбаған, дистанция сақтап жүрсең болды. Керісінше «Шығып қыдырыңдар, жүгіріңдер, иммунитеттерің түсіп кетпесін» деп айтады екен. Қалалардың арасы ашық, туған-туысқа, дос-жаранға барып-қайтуға болады. Адам саны оннан аспаса, бас қосуға да болады. Неге біз Ухань қаласында жасалған әрекеттерді қайталауымыз керек? Біз ол қала сияқты ауру шыққан жер емеспіз ғой. Карантинді тым әсірелеп, драмаға, төтенше әскери жағдайға айналдырып жіберген жоқпыз ба? Күнде кешке көшеден дауыс күшейткішпен сөйлеп өтетін арнайы машинаның пайдасы бар ма, зәрені ұшырғаннан басқа? Не айтып жатыр, қай тілде айтып жатыр адам ұғып болмайды.

P.S. Мен осы желіге көшеде тірі жан жоқ видеоларды адамдардың қайдан алып салып жүргендерін білмеймін.

Лязат ДҮЙСЕМБЕКОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: