Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың Бас полицейі БАҚ өкілдерін құттықтады

25.06.2026, 17:45 33

HALYQLINE.KZ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы өңіріміздің журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Мерекелік іс-шараға өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ақпарат саласы мамандарының қоғамдағы орны мен полиция және БАҚ арасындағы өзара әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері кеңінен сөз етілді.

Жиында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы сөз сөйлеп, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Департамент бастығы бүгінгі таңда ақпарат кеңістігінің қарқынды дамуы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін бұрынғыдан да арттырғанын атап өтіп, журналистиканың тек ақпарат тарату құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, ел мен халық арасындағы сенімді байланысты нығайтатын маңызды институт екенін айтты. Сондай-ақ полиция қызметі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара ынтымақтастығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға елеулі үлес қосатынын жеткізді.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды, еңбектеріңіз жемісті болсын!» деген тілегін білдірді департамент бастығы.

Сондай-ақ ақпарат саласының дамуына, қоғамды шынайы әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге және құқық қорғау органдарының қызметін кеңінен насихаттауға үлес қосып жүрген БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді.

Іс-шара соңында бір топ журналист Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: