Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жарықтың жыры жалықтырды

29.10.2020, 10:30 521

Қазалы  ауданы  әкімі  Мұрат  Ергешбаевтың  назарына

Мен 2011 жылдан бері Әйтеке би кенті Қазалы­ мөлтек ауданындағы №4 мекенжайда тұрғын үй салып, қоныстанып келемін. Ол кезде­ үйімнің маңайында көршілер аз болатын. Сонды­қтан электр желісін көршілес Ж.Ақбаев (бұрынғы Астана) көшесіндегі бағанадан тартып алған едім. Сонан бері 9 жыл уақыт өтті. Электр желісі сол күйінде өзгеріссіз тұр. Мені кезінде амалсыздан жасалған осы жұмыс қатты мазалайды. Оның бірнеше себебі бар. Менің үйіме келетін жоғарыда аталған электр желісі арқа беткейде орналасқан тұрғын үйдің ауласының үстімен тартылған. Желді күні бірнеше мәрте үзіліп, қайтадан жалғаттым. Жазатайым үзіліп жатқан электр сымына ойнап жүрген балалар­ түсіп қала ма деп қорқамын. Мұндай жағдайда жауапкершілігі менің мойнымда қалмай­  ма?!

Осы мәселені қозғап мұнан төрт жыл бұрын сол кездегі кент әкіміне, «Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық филиалына барып, өтініш айтқан болатынмын. Сонан бері қаншама уақыт өтсе де әлі шешімін тапқан жоқ. Төрт ай  бұрын  тағы да осы мәселемен Қазалы ау­да­ны­ әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай­дың қабылдауында болдым. Ол мәселенің назар­да болатынын айтып, шығарып салды. Мұнан соң аудан әкімі орынбасарының қабылдауында екі мәрте болдым. Әлі шешімін таппай келеді. Қыс мезгілі жақындап қалды. Дауыл, боранд­ы күндері 80 метр жерден тар­тылған электр сымы тағы үзіліп, соңы өкінішті жағдайға соқтырмасына кім кепіл болады?! Мәселен­ің түйіні қаржыға тірелетіні белгілі. Алайда қаншама жылдан бері шешімін таппағаны  қалай?!

Шет аймақ болса бір сәрі, Қазалы ауданы әкімдігінің иегі астында тұрып, мұндай жайттың  болғаны  көңілге кірбің ұялатады.

Жанғылыш   АСАНБЕКҰЛЫ,

Қазалы  ауданы 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: