Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмысы қарқынды

21.05.2026, 15:58 17

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ерекше қауіпті зиянкестерге қарсы кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Мамандар тарапынан зиянкестердің таралу аумақтарын анықтау үшін тұрақты мониторинг ұйымдастырылып, фитосанитариялық жағдай күнделікті бақылауға алынған. Зерттеу жұмыстарына арнайы мамандар жұмылдырылып, ауылдық округтер мен шаруашылықтарда бақылау шаралары күшейтілді.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күреске заманауи техникалар мен арнайы құралдар тартылып, химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда бірқатар аудандарда өңдеу жұмыстары толық аяқталып, қалған аумақтарда жалғасуда.

Сонымен қатар, азиялық шегірткеге қарсы да тиісті шаралар қабылданып, зиянкестер анықталған жерлерде арнайы техникалардың көмегімен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау, өнімнің сақталуын қамтамасыз ету және фитосанитариялық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жалпы, өңірдегі фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауда. Мамандар анықталған ошақтарға дер кезінде әрекет етіп, зиянкестердің таралуының алдын алу бойынша қажетті жұмыстарды атқаруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: