Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәрестені перзентханадан шығару да бәсекелестікке айналды

01.10.2021, 15:40 1030

HALYQLINE.KZ Облыс және қала тұрғындарының назарына!

Облыстық перинаталдық орталығынан нәрестелерін үйге шығару үшін әрбір отбасы бала-шағаларымен, ата-әжелерімен, туыс-таныстарымен топталып келу жалғасуда. Сәбидің дүниеге келуі – бір әулеттің қуанышы, бірақ бұл қуанышты әрбір отбасы өз шаңырақтарында тойласа дұрыс болады. Қазіргі кезде нәрестені перзентханадан шығарып алу үлкен бәсекелестікке айналды. Шектен шығып, баян, домбыра ойнайтын музыканттар, аниматорлар жалдап, дрон ұшырып, от шашып, өлең айтып концерт-шоу ұйымдастыратын халық көбейіп, үйреншікті әдетке айналуда.

Облыстық перинаталдық орталығында қаншама аналар мен нәрестелер жатыр, оның ішінде ауыр жағдайдағы аналар мен нәрестелер, жұмыс істейтін мекеме қызметкерлеріне де кедергі келтіруде. Сіздерден өтініп сұрайтынымыз, нәрестеңізді үйге шығару кезінде жоғарыда айтылғандай той-думан ұйымдастырмай, перинаталды орталық жұмысына кедергі жасамасаңыздар екен.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы әкімшілігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: