«Берілген уәде қайда?». Бүгін депутат Бақытжан Базарбек авиаотын сатып алуда қосымша құн салығы алынып тасталса, «әуе билеті арзандайды» деген экономика министрлігінің бұған дейінгі уәдесін еске салды, деп жазады ktk.kz сайты.
Мәжілісменнің сөзінше, билет құнының шамамен 60-70 пайызы әуе отынына кететін қаражат есебінен. Депутаттар алдында осы қосымша құн салығынан босатқанда, билет те арзандайды деген министрліктің уәдесі орындалмаған. Міндеттеме де сол құжат жүзінде қалыпты. Депутат Базарбек қосымша құн салығынан үнемделген ақша әуе компанияларының қалтасына кетіп жатыр деп күдіктенеді.
— Сіздер авиаотын сатып алуда қосымша құн салығынан босаттыңыздар. Мұны немен түсіндірдіңіздер? 1 қаңтардан бастап әуе билеті арзандайды деген болатынсыздар. Бірақ билеттер арзандамақ түгілі, қымбаттап кетті. Әуе компаниялары бұрын авиаотын үшін төлеп келген қаражатты өзіне қалдырды. Бұл – өте үлкен қаражат, шамамен, билет құнының 60-70 пайызын құрайды, — деді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!