Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүгері жаңбырлатып суарылды

09.11.2021, 14:00 272

HALYQLINE.KZ Биыл Сырдария өзеніндегі су тапшылығы мен қуаңшылыққа байланысты облыстағы бірқатар шаруашылықтар су үнемдеу технологиясын қолдануға көшті. Солардың бірі – Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ. Елімізге белгілі азамат Самұрат Жұманұлы Имандосов басшылық жасайтын компания биыл 87 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы сүрлемдік жүгері дақылын екті.

Тың әдісті қолданысқа енгізудегі басты мақсат – соңғы үлгідегі су үнемдеу технологиясының көмегімен құнарлы мал азығын дайындау. Жалпы құны 600 млн теңге көлеміндегі жоба аясында 2019-2020 жылдары 87 гектар аумаққа жерасты дренажды жүйесі жүргізілді. Қоршау орнатылып, насостар қойылды. Былтыр қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Соның негізгісі – испандық компанияның жаңбырлатып суару қондырғысы.

Одан бөлек, тағы бір қазалылық азамат, Әйтеке би кентінің тұрғыны Нұрлыбек Нұрқожаев өзінің күшімен Ғ.Мұратбаев ауылдық округінен тамшылатып суару әдісімен қарбыз бен қияр егіп, мол өнім алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: