Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық оқушы Абай оқуларынан жеңімпаз атанды

18.08.2022, 13:30 519

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сырсұңқар Базарбайұлы ХХІІІ Республикалық Абай оқуларында  жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Абай облысының «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында өткен дәстүрлі байқауға жалпы білім беретін ұйымдардан 120-дан астам оқушы қатысты. Дарынды өрендер Абай мен Шәкәрім шығармашылығынан 6 номинацияда бақ сынасып,  қазақ халқының поэзиясын, рухани мұрасын көпшілікке насихаттады.

Сырдағы зияткерлік мектептің оқушысы Сырсұңқар Базарбайұлы «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша өнер көрсетіп,  ұлы Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» атты өлеңін домбырамен шебер орындап шықты.

– Бұл шығарма Абайдың тағдырын, өмірдегі қиыншылықтарын, еңбектерін ашып көрсетеді. Өмірде мықты болғың келсе, Абайды оқы! Ақын өлеңдерінің зор тәрбиелік мәні бар. Мен үшін Абай – қайталанбас тұлға, – дейді жүлдегер.

Сырсұңқар Базарбайұлының әдебиеттанудағы жетекшісі Күлжахан Өксікбаева мен музыка әлеміндегі ұстазы Жарасбек Өтебаев «шәкіртіміздің жетістігі оның бойындағы таланты мен қажырлы еңбегінің жемісі» деп санайды және алдағы уақытта бірлесе отырып талай жетістіктерді бағындыратындарына сенімді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: