Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарын түйреу туралы не білеміз?

17.04.2022, 12:00 995

HALYQLINE.KZ  Қарын түйреу – қарынға сарымайды толтыра салып, аузын ашылмастай етіп бекітіп, қысқа дайындау. Жаңа сойылған малдың қарнын жуып, тазалағаннан кейін түгін қырып тастап, ішіне жел толтырып, кереге басына іліп, бір аптадай кептіреді.

Кейіннен майды тұздап, суын кептіріп, қарынға салады. Содан соң оны əбден тығыздап, суын қалдырмай, ауасын шығарып, қарынның аузын байлап, сыртынан тағы тұздау керек.

Ескерте кететін бір жайт, майды салқын əрі қараңғы жерде сақтау қажет. Егер қарын ішіндегі майға бір артық зат араласса, май бүлінеді. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген мәтел осыдан шықса керек. Малдың өзінен шыққан майдың сол малдың өз қарнында тым жақсы сақталуының өзі жаратылыс құдіретінің ерекшелігі. Қарында сақталған майдың дәмі мен иісі оның жоғары сапасының көрсеткіші болып есептеледі.

Қарын көлеміне қарай «қой қарын», «қозы қарын», «бұзау қарын» деп үшке бөлінеді. Қарыннан артылған майды қарын болмаған жағдайда бүйенге салады.

Алтай өңіріндегі Шəмиа апайымыздың түсіндірмесі

Суретте Шəмиа апа

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: