Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Патшаның пайымы

10.05.2021, 15:00 503

HALYQLINE.KZ Патша Әмір Темір сарайында отырса алдына уәзірлерінен бірі жүгіріп келіп:

– Әміршім сіздің сарайыңызға дүниедегі ең мықты балгер келді, – деді.

Әмір Темір кіргізуге бұйырды. Балгер сарайға кіріп айтты:

– Патшам, ұлы қолбасшым мен сіздің келешегіңізді және алда болатын жорықтарыңызды болжап беремін, – депті.

Әмір Темір уәзірлерін шақырып: «мына балгердің басын алып тастаңдар!» деп үкім шығарыпты.
Олар мұны болжытпай орындап болған соң әміршісіне сұрақ қойыпты.

– Әміршім, балгерді неге өлім жазасына кестіңіз?

Сонда Әмір Темір оларға: Ол оңбаған өзінің келешегін, яғни басының алынатынын білгенде бұл жерге келмес еді. Менің келешегімді қайдан білсін, – деген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: