Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік Ту әлемдік рекордты жаңартпақ

06.06.2022, 11:14 989

Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісінде жаңа әлемдік рекорд жаңартпақшы. Ол өз парақшасында мемлекеттік тудың суретін жүктеп, оқырман қауымнан 20 миллион пікір жинамақ. Ол үшін белгілі әзілкеш барша қазақстандықтардың көмегіне жүгінді. Нұрлан Қоянбаев мемлекеттік тудың астында 20 млн пікір жазылса, Instagram желісіндегі әлемдік рекорд жаңаратынын айтты.  Әзілкеш әрбір отандасы кемінде 20 пікірден қалдырса, қажетті сан шығатынын түсіндірді. Оның айтуынша, аталмыш желідегі рекорд әлі бес миллион пікір жазылған суретке тиесілі. Сол үшін Қоянбаев бұл рекордты қазақстандықтар болып жұмыла жаңартуға шақырды.

«Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 коменттен қалдырсақ, кем дегенде 100 миллион комментарий жинаймыз. Осы фото, әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік. Биікте самғасын көк байрағымыз» , – деп жазды телепродюсер.

Содан бері 3 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында мемлекеттік тудың суретіне 12 миллион 113 мыңнан астам пікір жиналған. Жақында ғана актер өз парақшасына Мемлекеттік рәміздер күніне орай видео жариялады. Нұрлан Қоянбаев елдегі ең биік ғимарат – «Абу-Даби Плаза»кешенінің Qazaqstan мұнарасына Қазақстан туын көтеріп шықты.Осылайша, Нұрлан Қоянбаевтың жасаған рекорды алдыңғы әлемдік рекордтан да асып түспек. Продюссер әлеуметтік желіде белсінді болып, бір-бірімізді қолдауға шақырады. Басты мақсат көк туымыздың суреті әлемге танымал болу. Енді ол осы суретке 100 миллион пікір жинап, тағы да рекорд жаңартамыз деген ұстанымда.  Осы рекортқасіз бен біз болып бірге жетейік!

Ақерке КЕНЖЕБЕК

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: