Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лаоста құлдықта болған отандасымыз елге оралды

31.08.2022, 11:45 223

HALYQLINE.KZ Өзге елде қиындыққа тап болған актриса Әнел Бермағамбет аман-есен елге оралды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Актриса Алматыдағы үйінің алдында тұрған суретін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол суретінің астына жағдайының жақсы екенін жазған.

Бұл – менің Қазақстаным. Мен үйге аман-есен оралдым, – деді Әнел Бермағамбет.

Еске сала кетейіка 20 тамызда жұмыс берушілер Әнелді алдап әкеліп, Лаоста күштеп ұстап отырған. Осыдан бірнеше күн бұрын Әнелдің бостандыққа шыққанын оның туған ағасы Қанат Бермағанбетов айтқан болатын

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: