Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Газ бағасы қымбаттайды

10.06.2022, 12:37 396

Шілдеден бастап елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Энергетика министрлігі келесі жылға дейінгі шекті бағаны бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылдың 30 маусымын қоса алған кезеңге 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерiнде бекітілсін. Бұл – тауар биржаларынан тыс өткізілетін және құн салығын есепке алмағандағы газдың шекті бағасы», – делінген бұйрықта.

Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері – 28 000 теңге. Бұған қоса, Энергетика министрлігінің сөзінше, электр энергиясы мен көмір құнының да өсуі мүмкін.

«Электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім берді. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Богатырь-Көмір разрезіндегі көмір бағасы 30%-ға өсуі мүмін», – делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мораторий жариялаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: