Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атырауда дропперлікке қатысты 45 дерек тіркелді

17.09.2026, 14:00 33

Атырау облысында жыл басынан бері дропперлікке қатысты 45 дерек анықталған. Оның 11-і бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жалпы өңірде интернет-алаяқтыққа байланысты 120 қылмыстық іс соттың қарауына жіберілген.

Полиция мәліметінше, алаяқтар тұрғындарды түрлі тәсілмен алдайды. Соның ішінде жалған интернет-дүкендер арқылы тауар сату, фишингтік сілтемелер жіберу, жеке деректерді қолға түсіру және өзін банк немесе құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстыру жиі кездеседі.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Мұханбетәлиевтің айтуынша, алаяқтар азаматтардан СМС-код сұрап, олардың атына несие рәсімдеуі мүмкін.

— Өздерін банк қызметкері немесе ішкі істер органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалатын алаяқтар бар. Олар алдымен СМС-код сұрап, азаматтардың атына несие рәсімдетіп алады. Кейін ақша қаражатын дропперлер арқылы өздерінің криптовалюта есепшоттарына аудартады,— деді Дәурен Мұханбетәлиев.

Қазір полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Мамандар тұрғындарға күмәнді қоңырауларға сенбеуге, СМС-кодтарды бөтен адамға бермеуге және белгісіз сілтемелерге өтпеуге кеңес береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: