Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдердің рейтингі жолдардың сапасы арқылы анықталады

15.07.2022, 18:12 385

Әкімдердің жұмысы енді жолдардың сапасына қарай бағаланады. Мемлекет басшысының автомобиль жолдарының сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ бейінді нормативтік актілерді өзектендіруге бағытталған бірқатар жүйелі шаралар дайындады. Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.

Атап айтқанда, жаңа заңда «Ұлттық жол активтері сапасының орталығы» РМК арқылы елді мекендердегі жолдарды жөндеу сапасына міндетті сараптама енгізуді көздейді. Және нормативтерге сәйкестігі мен кепілдік кезеңінде пайда болған ахауларға техникалық қадағалау мен жобалау ұйымдарының ортақ жауапкершілігін беретін болады.

Бұдан басқа, министрлік автожол саласындағы нормативтердің өзін де өзектендіреді, олардың саны 1200-ге жуық. Олар жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруды, сапаны, мазмұнды және т.б. бақылау мәселелерін реттейді, осы құжаттар бойынша халықаралық тәжірибе мен технологияларды, сондай-ақ қазіргі заманғы материалдарды қолдануды ескере отырып, оларды қайта өңдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

ҚР ИИДМ қосымша ынталандыру шарасы ретінде жол сапасы бойынша облыс әкімдіктерінің рейтингін анықтау әдістемесі әзірленді. Оны жыл соңына дейін бекіту жоспарлануда.

Жалпы бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 157 мың км құрайды, оның ішінде 25 мың км республикалық маңызы бар жол, 71 мың км жергілікті маңызы бар жол және 61 мың км елді мекендер көшелерінің жолы.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ баспасөз қызметі

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: