Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас штаб комиссиясы Қызылорда гарнизонындағы бақылау тексерісін бақылады

15.04.2022, 17:36 282

Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау тексерісі Мемлекет басшысының әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жаңа пішінде өтуде.

Қарулы күштер Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов Қызылорда гарнизонында жұмыс сапарымен болып, «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында әскерлерінің бақылау тексерісін тапсыру барысын тексерді.

– Бақылау тексерісі әрбір әскери бөлімнің жауынгерлік қабілетін жан-жақты бағалауға, оның ішінде бөлімшелерді ұзақ қашықтыққа жеткізу дайындығын, командирлердің басшылық ету және өз бетінше шешім қабылдаудағы іскерлігін жан-жақты бағалауға, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегімашығын бағалауға мүмкіндік береді, – деді генерал-майор Дәулет Оспанов.

Әскерлердің арнайы операциялар кезінде заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес жүргізуде басқа күштік құрылымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру қабілетін тексеруге баса назар аударылды.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Мұхит Қонаров

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: