Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

14.04.2022, 18:15 659

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 224,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді.

2022 жылы индустрияландыру бағдарламасының үшінші бес жылдығы аясында жалпы құны 10,7 млрд. теңгені құрайтын, 316 жұмыс орындары құрылатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:

1) «Құрғақ құрылыс қоспалар өндірісі» («Арал Кварц» ЖШС). Жоба құны – 1947 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 172,8 мың тонна; Жұмыс орындары – 73 адам, жүзеге асырылу орны – Арал ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

2) «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы» («Қармақшы құс» АҚ). Жоба құны – 1975 млн.теңге; Қуаттылығы – жылына 1500 тонна, жұмыс орындары – 60 адам, жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

3) «Балық өңдеу цехы» («Тұрған тамы» ШҚ). Жоба құны-600,0 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 324 тонна, жұмыс орындары – 40 адам, жүзеге асыру орны – Қармақшы ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

4) «Тауық етін өндіруді қамтамасыз ету мақсатында бройлерлер өсіру және тауық етін қайта өңдеу бойынша құс фабрикасы» («Абдулла» ШҚ). Жоба құны-5,2 млрд.теңге. Қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна, жұмыс орындары – 120 адам, жүзеге асыру орны – Жаңақорған ауданы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

5) «Мал сою пунктін жаңғырту және ет комбинатын салу» («Сыр Маржаны» ет өңдеу кешені» ЖШС). Жоба құны-952,7 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 5,0 мың тонна, жұмыс орындары – 23 адам, жүзеге асыру орны – Қызылорда қаласы. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Есепті кезеңде өңір экономикасына 51,4 млрд. теңге инвестиция салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға ұлғайған.

10,7 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, 2021 жылдың тиісті кезеңіне НКИ- 127,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 14,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,4% құрады.

Сиыр саны – 10,6 пайызға (205,4 мың бас), қой – 4,7 пайызға (607,2 мың бас), жылқы – 15,3 пайызға (192,8 мың бас), түйе – 4,9 пайызға (56,5 мың бас) өсті.

Тірілей салмақта мал және құс еті 8,7 мың тонна (101,4 пайыз), 18,0 мың тонна – сүт өнімі (102,2 пайыз) өндірілді.

2021 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады. 2022 жылдың 1 сәуіріне 7842 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2889 тұрақты.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 210 475 теңгені құрады, яғни 2020 жылдың тиісті кезеңіне 118,4 пайыз.

Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың наурыз айында 2021 жылдың желтоқсан айына қарағанда 104,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 106,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 104,1 пайыз, ақылы қызметке –101,4 пайыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: