Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлы мектеп»: Жалағашта 300 орындық мектеп салынады

27.01.2023, 10:20 380

HALYQLINE.KZ 2022 жылдың қазан айында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 571,5 млн теңгені құрайтын Жалағаш кентіндегі 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2023 жылы жоба-сметалық құжаттары дайын №123 мектеп-лицейге қосымша ғимарат салу, №31 және №33 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізіледі.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі бекітіліп берілді. 2023 жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы мектеп құрылысы басталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: