Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық студенттер грант жеңіп алды

18.07.2023, 16:30 177

«CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» жобалар сайысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Темірлан Абжанов пен Саят Урикбаев жобаларын таныстырып, грант иеленді.

 «Smart Bench» − университетіміздің бас оқу ғимаратының алдына күн панельдері орнатылған орындықтар қоюға бағытталған жоба. Негізгі мақсаты − кампус ландшафтарын өзгерту, экологиялық мәселелерді тұрақты шешіммен қамтамасыз ету, университетіміздің инфрақұрылымының дамуына үлес қосу», − деді Саят Урикбаев.

Сайыстың шарты бойынша оқу орындарының кампусын дамытуға арналған 70-тен астам жоба келіп түсті. Соның ішінде 17 жоба үздік деп танылып, әрқайсысына 1 млн 300 теңге көлемінде арнайы грант бөлінді.

Келесі грант иегері Темірлан Абжанов  тұрақты жылыжайға бағытталған жоба ұсынды. Жобаның мақсаты – органикалық қалдықтарды өңдеу  арқылы топырақты құнарландыруға пайдалану. Сондай-ақ топырақтың төменгі қабаты арқылы суару әдісін қолдану және  суару процесін автоматтандыру арқылы су шығынын азайту.

Айта кету керек,  «Sustainability Living Lab» жобалар сайысына университетіміздің 6 білім алушысы қатысуға өтінім беріп, 4 жоба финалдық кезеңге  өтті. Нәтижесінде 2 студент грант иегері атанды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  

медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: