Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 3849 талапкер грант иегері атанды

16.08.2021, 9:40 448

HALYQLINE.KZ Күні кеше республика бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының қорытындысы жарияланған болатын. Солардың ішінде Сыр елінің талапкерлері де мемлекет есебінен ұсынылатын тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы жылы өңірде 5 184 оқушы мемлекеттік грантқа өтініш берген. Оның 3 849-ы грант иегері атанды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны 791 түлекке көбейіп отыр.

Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға гранттар алынған. Облыс бойынша грантқа үміткер болған 3 849 оқушының басым бөлігі педагогикалық және техникалық мамандықтарды таңдаған. Тарқатып айтқанда, 1 303 талапкер – педагогикалық, 361 түлек медициналық бағытты таңдаса, 1 173 үміткер техникалық мамандықтарға таңдау жасаған. Ал, 217 түлек ауыл шаруашылығы бағытына баруды көздейді. Сонымен бірге 795 түлек өзге де бағыттағы мамандық иесі болуды қалады.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегерлерінің 190-ы, яғни 35%-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: