Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құттықожаев құрметті зейнет демалысына шықты

11.11.2020, 12:05 471

HALYQLINE.KZ

Кеше білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан білікті басшы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, «Құрмет» орденінің кавалері Ибадулла Құттықожаев құрметті зейнет демалысына шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мерейлі сәтте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Ибадулла Дүйсенбайұлының білім саласындағы қолтаңбасын айрықша атап өтіп, колледждің дамуы жолындағы бастамалары мен еңбегіне ерекше тоқталды.

– Сіз білім беру саласында жемісті еңбек етіп, жауапты қызметтерді зор абыроймен атқарып, біліміңіз бен тәжірибеңізді еліміздің мұрат-мүддесіне арнап келесіз. Сізді қоғам білікті де іскер маман, ел ағасы ретінде таниды. Өмірлік ұстанымыңыз үнемі елдік мұраттармен, ұлттық мүддемен орайласады. Мерейлі сәтте абырой мен құрмет тілеймін,-деді Ақзира Қасымова.

Игі шара барысында облыстағы кәсіптік-техникалық колледж басшылары Ибадулла Дүйсенбайұлының азаматтық болмысы мен білім беру ордасын дамытудағы еселі еңбегін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Ибадулла Дүйсенбайұлының жоғары аграрлық-техникалық колледжді басқарған уақытта колледждің материалдық-техникалық базасы жаңарып, колледж оқытушылары 28 оқу-әдістемелік көмекші құралдарының авторы болып, түрлі республикалық, облыстық деңгейдегі кәсіби байқаулардың жеңімпаздары атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: