Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда ЖОО-лар студенттерге жатақхана беруге міндеттелді

14.09.2022, 10:00 234

ЖОО-лар енді жаңа мамандыққа қабылданатын студенттерге жатақхана беруге міндеттеледі. Биылдан бастап жоғары оқу орындары жаңа мамандық ашу үшін оқуға қабылдайтын студенттерге жатақхана орнын қамтамасыз етуге міндетті болып саналады.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында айтып өтті.

Тағы да бір жүйелі шара бар. Енді лицензиялауға өтінім беретін жоғары оқу орындары, жеке меншік болсын, мемлекеттік болсын кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензияны алу үшін міндетті шарт қойылады. 100 адамға лицензия өтінім бере ме, онда сол 100 адамға жатақхана орнын қамтамасыз етуі керек. Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды, – деді министр.

Сондай-ақ ол 2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Бұл үлкен жүйелі мәселе. Мемлекет оны өз есебінен толыққанды шеше алмайды. Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлер тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы алты жылдық шарттар береміз. Яғни, қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін студенттердің 60-70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етеміз. Ал 2029 жылға қарай 100 пайыз жабатын боламыз, – деді Саясат Нұрбек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: