Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда мектеп оқушылары қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды

25.08.2023, 10:10 229

HALYQLINE.KZ

Бүгін тамыз конференциясында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова биылғы оқу жылында қазақстандық мектеп оқушылардың 25 мамырға дейін оқитынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Дүйсенова оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы дұрыс шешім болғанмен, асығыс қабылданғанын атап өтті.

«Оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы өз пікірімді айтқым келеді. Бұл мәселе бойынша қоғамда шағым өте көп. Мұны мойындау керек. Бұл – әлемдік тәжірибе, мұндай жаңашылдықтарды енгізу үшін әрқашан дайындық қажет. Министрліктің шешімі негізді болғанмен, бірақ асығыс шешім қабылдады деп ойлаймын», – деді ол.

Оның сөзінше, мұндай шешім тыңғылықты дайындықты қажет етеді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: