Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қашықтан оқыту – заман талабы

28.01.2021, 9:00 678

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың үндеуімен еліміздегі төтенше жағдай кезінде 9 ай бойы оқу процесін қашықтан жүргізіп келе жатқаны белгілі. Бастапқы кезде әрбір ұстаздың көкейінде көптеген сауалдар болды, ойлары сан салаға кетті. Расында, «бұл қашықтан оқыту қалай болады, оқушылардың білім сапасы қалай жүзеге асады?» деген сұрақтар болғаны рас еді. Алғашқы рет осындай жаңа форматта қашықтан оқытып, білім беруге тура келді. Яғни, қашықтан оқыту – білім берудің жаңа технологияларының бірі. Осы технологияларды пайдалана отырып, өз шәкірттеріне сапалы әрі нәтижелі білім беруді мақсат еткен әрбір ұстаз өз тәжірибесін жылдамдық ортасына бағыттап, әр әдісін сабақтың нәтижесіне жету үшін тиімді пайдалануы шарт. Осыған орай қашықтан оқыту үшін тиімді болар деген түрлі платформалар ұсынылды, осы платформаларды пайдаланып, сынама сабақтар өткізілді. Оқушылар түрлі интернет желілерін пайдаланып үйренді. Балалар жазғы оқуға қалыптасып келеді.

Қашықтан оқытудың алғашқы кезеңінде мұғалімге, оқушыға және ата-анаға да оңай болған жоқ. Бір үйден бірнеше бала оқиды. Олардың әрқайсысына интернет желісінің жылдамдығының аздығы тағы кедергі. Мұндай мәселелерге қарамастан, ұстаздарымыз қашықтан оқытып, оқушылармен әрбір жұмыстарын бағалау мақсатында кері байланыс жүргізіп отырды. «Балапан», «Ел арна» телеарнасындағы өткізіліп жатқан бейнесабақтардың оқушыларға көп көмегі тиді. Қашықтан оқытуда сабақтың әдіс-тәсілдері басқа. Әрине, мұғалім сыныпта оқушы алдында тұрып сабақ берген мен қашықтан түрлі платформалар арқылы оқыту екі бөлек нәрсе. Бұл – әрбір мұғалімнің жұмысының жаңа шарты. Қашықтан оқытуда шәкірттер ұстаздарынан қызықты, тартымды сабақ күтеді. Ол үшін әрбір ұстаз өз пәнінен өтілетін тақырыбына түрлі бейнетаспалар салып, тақырып ашатын түрлі тапсырмаларды синхронды және асинхронды тәсілдермен береді. Оқушының тапсырманы түсінгенін немесе түсінбегенін тапсырма орындау барысында ұстазы кері байланыс арқылы мадақтап отырады. Осы қашықтан оқыту барысының ерекшелігі бұрынғы дәстүрлі оқытудағыдай балаларды «5»-ке дейінге бағамен бағалаймыз. Әрбір тақырыпты түсіну барысында 10 балдық жүйемен формативті бағалау жұмысы жүреді.

Қашықтан оқыту кезінде әр пән бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында түрлі онлайн курстар ұйымдастырылуда. Түрлі әдістемелік ұсыныстар, телекурстар, семинарлар өткізіліп жатыр. Сондай ұсыныстың бірі – Қызылорда облысының педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған біліктілік арттыру курстары. «Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және тиімді ұйымдастыру» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн курсты тамамдадым. Курс семинарында Google gorns, Daryn online, Zoom және басқа платформаларды қолданудың таңдаулы әдістері ұсынылады. Курс барысында қашықтан оқытуда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары талқыланып, тиімді жолдары ұсынылды. Өз пәнім бойынша сабақ беретін 6-сынып оқушыларының сабақ уақытысында түгел қатысып, тақырыпқа түсініп, тапсырмаларын уақытылы орындауын қадағалаймын, сабақ барысында түсінбегенін сұрап отырамын. Мұндағы басты мақсатым – сабақты жетік меңгеріп, сол тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды орындату. Оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, міндетті түрде кері байланыс күтеді. Тақырыпқа сай online мектеп платформасына тапсырмалар жүктеп қоямын. Ол тапсырмасын орындаған соң, тапсырмалар аяғында оқушының ұпайын береді. Қай жерінде қате жібергені арқылы өз қателіктерін түсініп, қатемен жұмыс жүреді. Оnline mektep платформасында 10 балдық жүйемен бағаланады. Осындай қиындықты жеңудің тиімді жолдары ұсынылады.

Биылғы 2020-2021 оқу жылы ойдағыдай аяқталады деп ойлаймын. Бұл уақытша қиындық, бұған аса түсіністікпен қарап, оқушыларына қашықтан білім беріп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып жатқан ұстаздарға ризамын. Осы кезде ұлы Абай атамыздың: «Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, бұл – қайраттан шығады, білсең керек…»- деген өлең жолдары ойыңа келеді. Төзімділік пен ауызбіршілік танытсақ, қиындықты жеңеміз.

Қашықтан оқыту ұлттық әлеуметтік арттыруды және озық әрі жаһандық көзқарасы бар шәкірттерді тәрбиелеуде педагогтерден үлкен міндеттерді талап етеді. Осы міндеттелген жүкті әрбір ұстаз жауапкершілікпен орындайтынына сенімім мол. Бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге жеңеміз!

Айман Садуова,

Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Қазалы ауданы

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: