Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқу-ағарту министрі: Мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, портфолио жинату мәселесі қайта қаралады

19.05.2023, 12:53 550

Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д. Малахов және Оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтуде. Мұнда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын жеткізді.

Министр мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, портфолио жинату мәселесі қайта қаралатыны туралы ескертті.

– Бұдан былай мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, әуреге салып портфолио жинату мәселесі қайта қарастырылады. Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайтын болады. Өйткені бұл да – жемқорлыққа итермелейтін дүниелер. Ананың туыстары барып жалған сертификат алып алады екен, мынаның туыстары барып орден, медаль барып алады екен. Сөйтіп, ақша төлеп оларды жинайды. Ал ол ешкімге керек емес. Негізі аттестация – мұғалімнің жетістігі емес, мұғалімнің табысы оқушының жетістігі арқылы бағалануы керек. Екіншіден, мұғалім қалай серитификат аламын демей, оқушының білімімен айналысуы керек. Ал министрлік оқушысы жетістікке жеткен мұғалімдерді сырттай бақылау арқылы автоматты түрде оның категориясын өзіміз әкеп беруіміз керек, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.

Министрдің сөзінше, «Алтын белгі» балаға емес, ата-ана керек сияқты.

– Алтын белгі» баладан көрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні«баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.

Сондай-ақ оқу-ағарту министрі оқушылар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді. 

«Қарапайым мысал келтірейін. Екі ата-ана жиналысқа келіп, бір-бірінің шашын жұлып, төбелесіп жатыр. Енді бала көргенін істейді. Бірінші кезекте баланы тәрбиелемес бұрын ата-ана өзін тәрбиелеу керек. Себебі бала көргенін істейді», – деді Ғани Бейсенбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: