Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектебім саған, мың алғыс!

25.05.2026, 17:10 71

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылындағы №167 орта мектебінде аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен «Мектебім саған, мың алғыс!» атты мектеп бітіру салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерекелік іс-шараға ұстаздар, ата-аналар, ардагерлер мен мектеп бітіруші түлектер қатысты.

Іс-шара барысында аудан басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды 2025-2026 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге ақжол тілеп, алдағы өмір жолдарында биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, оқу жылы бойы білім мен тәрбие саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұстаздар мен озат оқушылар облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара барысында мектеп оқушылары мен жас түлектер өнерлерін ортаға салып, әсерлі әндер шырқалып, би қойылымдары ұсынылды.

Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда 1234 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 1144 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірсе, 119 оқушы «Алтын белгіге», ал 121 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: