Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мамандығым – болашағым»: Университет қызметкерлеріне сертификат табысталды

09.10.2023, 17:00 180

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында өңірлік оқыту семинары өтті.

Жоба шеңберінде университет қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша курс оқыды.

Сертификат табыстау барысында университеттің Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартайкадр қажеттілігінің өңірлік картасын жасаумақсатында алдағы уақытта форсайттық зерттеу жүргізілетініне тоқталды.

Университет қызметкерлеріне семинар соңында «Модератор», «Жинақтаушы-аналитик»  сертификаты табысталды.

Бүгінде «Мамандығым – болашағым» жобасы еліміздің 10 өңірінде жүзеге асырылуда. Павлодар және Маңғыстау облыстары өңірлік кадрларға қажеттілік картасын әзірлеуді аяқтап, осы өңірлердің басым секторларының қатарынан келешегі бар кәсіптерді анықтады. Сонымен қатар, оқушылардың кәсіби диагностикасы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оқушылар өздерінің бейіні мен кәсіби қызметте жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: