Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімі белгілі болды

24.08.2026, 17:05 65

HALYQLINE.KZ

Ғылым және жоғарғы білім министрлігі магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады.

Ведомство хабарлауынша, білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыздар.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Фото: kaz.orda.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: