Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәртебелі мамандық иелері марапатталды

05.03.2021, 11:15 649

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов өңір өмірінде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарды қабылдап, шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шарада Асқарбек Темірбекұлы «Айтулы күні шәкірттеріңізге көрсеткен мейірімдеріңіз бен ұрпақ тәрбиесіндегі төзімділіктеріңіз үшін алғыс айтамыз» – деп, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытқан, келер күннің ұстасы, ұрпақтың бағбаны болған барша ұлағатты мамандық иелерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ жауапкершілік жүгі ауыр, машақаты мен шапағаты мол саланың көшін ілгері жылжытып, жастардың білім көкжиегін кеңейтуде еселі еңбек етіп, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан ұстаздар қауымын қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Ұрпаққа тәлім мен тәрбие беруді кәсіби мамандығымен ұштастырған ұстаздар қауымы мерекеде мәртебелі мамандық иелерінің мерейін асырған қала әкіміне алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Жиын соңында қала әкімінің орынбасары жас ұрпақты ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын мәртебелі мамандық иелеріне шығармашылық ізденістер мен ғылыми жетістіктер тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: