Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЮНИСЕФ 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы мектептерді ашуға кеңес берді

02.06.2021, 8:32 400

ЮНИСЕФ Қазақстан билігіне жаңа оқу жылынан бастап мектептерді ашуға кеңес берді. Қор оқушылардың білімін қалыпқа келтіру бойынша бағдарлама әзірлеуге атсалысуға дайын.

Бұл туралы сейсенбі күнгі үкімет отырысы кезінде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Артур ван Дизен мәлімдеді.

«ЮНИСЕФ жаңа оқу жылынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық мектепті ашуға кеңес береді» деді Артур ван Дизен.

Оның айтуынша, індет кезінде әлемдегі әрбір үшінші оқушы, яғни 463 млн баланың қашықтан оқуға мүмкіндігі болмаған. Бұл тенденциядан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Қордың айтуынша, Қазақстан білім және ғылым министрлігі бұл тұрғыда жедел шаралар қабылдау қажеттігін мойындайды. ЮНИСЕФ қажетті бағдарламалар әзірлеуге қол ұшын беруге дайын екенін жеткізді.

Министрліктің мәліметінше, биылғы оқу жылының бірінші тоқсанында елде 2,5 млн оқушы қашықтан оқыса, төртінші тоқсанда олардың саны азайып, 1,3 млн оқушы ғана үйде білім алған. Соңғы тоқсанда 1,7 млн оқушы аралас форматта оқыған.

Індет кезінде көптеген ата-аналар білім сапасының нашарлап кеткенін айтып шағымданған еді. Осыған дейін үлгерімі төмендеп кеткен оқушылар үшін 25 мамырдан кейін мектептерден арнайы сыныптар ашылатыны хабарланған.

Ресми мәлімет бойынша, елде 20 мың білім беру ұйымы, 6 миллионнан астам оқушы, 540 мыңнан астам педагог бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: