Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ертең қызылордалық оқушылар қашықтан оқиды

11.12.2023, 18:20 151

HALYQLINE.KZ

Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен 9-14, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады, ауаның температурасы түнде -20-25 0С, облыстың солтүстігінде -29 0С аяз, күндіз -15-20 0С, облыстың оңтүстігінде -10 0С аяз күтіледі.

Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-9 сынып оқушылары 12 желтоқсан күнгі сабақтарын қашықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс істейді. 

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Фото: syrboyi.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: