Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі үздік оқушылармен кездесті

24.12.2020, 14:30 805

HALYQLINE.KZ  Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев үздік оқушылармен кездесіп, олармен еркін форматта әңгімелесті.

Шара басталмас бұрын Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Тәңірбергенов оқушылар мен ата-аналар үшін алынған заманауи техникаларды аудан басшысына таныстырып, олардың мүмкіндіктерін көрсетті.

– Заманауи құрылғыларды «Үздік мектеп» атанғанда берілген қаржыға сатып алдық. Бұл дүниелердің барлығы оқушылар үшін өте қажет. Мәселен, интернетке қосылған «Ақпараттық киоскіден» кез келген ата-ана мен оқушылар мектеп туралы барлық мәліметті көре алады. Одан бөлек бірнеше пәндерді тереңдете оқытуға арналған «Roqed» және «BilimBook» интерактивті панельдері, дыбыс жазбаларды заманауи талап деңгейде әрлеуге арналған құрылғылар бар, – деді Батырбек Тәңірбергенов.

Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің «Коворкинг» орталығында ұйымдастырылған шараға республикалық және облыстық байқауларда топ жарып, жүлдегер атанған 16 оқушы қатысты. Еркін форматтағы кездесуде оқушылар аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа түрлі сұрақтар қойып, өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Мұнан соң Мұрат Нәлқожаұлы республикалық және облыстық байқауларда жеңімпаз атанған оқушыларды «Алғыс хатпен» марапаттап, түрлі тақырыптардағы кітаптарды тарту етті.

Айта кетейік, аудан әкімімен кездесуге ХІІІ республикалық «Бастау» математикалық турнирінің жеңімпазы Жанель Батырбек, «Шексіз өмір» республикалық байқауының жүлдегері Динара Күнділдә, республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» асық атудан І, ІІ орын иегерлері Бабабек Әділбаев пен Ерасыл Қуантай, «IQanat» республикалық олимпиадасына қатысушы Нұрдәулет Қапар, республикалық «Зерде» конкурсының Гран-при иегерлері Ақберен Бақытберген мен Рамазан Сайфулла, Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиаданың жеңімпазы, республикалық олимпиадаға жолдама алған Салтанат Әбілғазиева, облыстық пәндік олимпиаданың ІІ орын иегерлері, республикалық олимпиадаға жолдама алған Фариза Дауылбай, Юлдуз Жұма, Ақжүніс Ақатай, Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ орын алып, республикалық кезеңіне қатысушы Әсем Серік, оқушылар арасында көркем сөз шеберлерінің жүлдегері Тиышбай Санат, ХХІ республикалық «Абай оқуларының» ІІ орын жүлдегері Аяулым Әзен, «Жас музыкант» республикалық конкурсында ІІІ орын иеленген Рысбек Көлжан және Асыл мұра «Birgemiz: Taza alem» жалпыұлттық шағын гранттар жобалар конкурсының 300 мың теңге грант иегері Жарқынбай Әбдірасул қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: