Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймағамбетов: «Оқытушылардың жалақысын көбейту керек»

15.03.2021, 11:30 419

HALYQLINE.KZ Министр 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есе, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есе өсетінін атап өтті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысы өте төмен екенін мәлімдеп, оны ұлғайту қажет екенін айтты.

Айтуынша, 2019 жылы білім министрлігіне қарасты университеттер педагогтарының жалақысын 20%-ке көтерді. Ал былтыр тағы 20%-ке өсірді.

«Бұл жұмысты әлі де жалғастыруымыз қажет. Өйткені, шын мәнінде, бүгінгі күні жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен. Мектептермен, колледждермен салыстырсақ, бәсекеге қабілетті емес. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру барлық ректордың алдында тұрған басты міндеттердің бірі екені белгілі», – деді Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сондай-ақ, ол 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есе өсетінін атап өтті. Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге көтеріледі.

Кеңейтілген отырыста ұсынылған презентацияға сүйенсек, шәкіртақы:

  • бакалавр – қазіргі 26 186 теңгеден 2025 жылға дейін 52 372 теңгеге дейін;
  • магистранттар –  66 913 теңгеден 117 098 теңгеге дейін;
  • докторанттар – 150 000 теңгеден 262 000 теңгеге дейін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: