Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағылшын тілін меңгерудің өзі екінші бір әлемді танығанмен тең

29.03.2024, 17:10 58

HALYQLINE.KZ

Шет тілдерін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне тіл дамыту жұмыстарының тиімді екені сөзсіз. «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» демекші, ағылшын тілін меңгерудің өзі екінші бір әлемді танығанмен тең. Осы орайда №85 мектепте жоспарға сәйкес шет тілі пән мұғалімдерінің «English today is your success tomorrow» тақырыбындағы апталығы өткізілді. Мақсаты – оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Сондай-ақ, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту және ұжымдық еңбекке тәрбиелеу болатын.

Г.Бахитованың ұйымдастыруымен «5 o’clock tea in Britain» тақырыбында 8 а, б, в сыныптарында сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Оның барысында үш сыныптан құралған 3 топ арасында сайыс түрінде алынып, Британияның 5-тегі шайы туралы оқушылар толық мәлімет ала отырып, сайыс 5 бөлімнен құралды. Бірінші «My magic plate» бөлімінде оқушылар алдарында берілген тарелкелер астында жасырылған ағылшын мақал-мәтелін дұрыс құрап, аударма жасады. Екінші «A cup of tea» бөлімінде оқушылар шыныаяқ ішінде шай қағазында жасырылған сөйлемнің жалғасын тауып, алдарына шайды алып отырды. Үшінші «Delicious cupcake, sandwiches» бөлімінде оқушылар британ тәттілерінде тұрған жұмбақтарға жауап бере отырып, тәттіге ие болды. Соңғы «My orders» бөлімінде шәкірттер сол жерде бар заттармен тапсырыс беру мақсатында диалог құрады.

Оқушылар арасынан өз бетінше Британияның 5-тегі шайын зерттеп келгендері де болды. Олардың өте белсенді, қызығушылықтары басым екендігі байқалып, нәтижесінде 8 «В» сыныбының «Dostyk» тобы I орын, 8 «Б» сыныбының «Young stars» тобы II орын, 8 «А» сыныбының «Stars» тобы III орынды иеленді. Жұмыс «өте жақсы» деп бағаланды. Келешек ұрпақтың ой-өрісінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне әсер ететін осындай іс-шаралардың «өте жақсы» деңгейде өткізілуі, оған білім алушылардың өз еркімен қатысуы, белсенділік танытуы көңіл қуантарлық жағдай емес пе?! Осындай келелі істеріміз толастамасын, ұстаздарымызға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Гүлзат Жұбатырова,

№85 мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі,

Қармақшы  ауданы

Төретам  кенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: