Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа премьераның таныстырылымы өтті

18.06.2026, 17:40 54

Бүгін «Qyzyq orta» инста-сериалының жабық премьералық көрсетілімі өтті. Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов арнайы қатысып, шығармашылық топқа шаһар басшысының алғысын жеткізіп, жобаның жастарға берер тәрбиелік маңызына тоқталды.

Премьераға шығармашылық топ, актерлік құрам, түсірілім тобы және арнайы шақырылған қонақтар қатысып, туындының алғашқы серияларын тамашалады.

10 бөлімнен тұратын жоба жастар арасында өзекті тақырыптарды қозғайды. Атап айтқанда, «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, әскери борышты өтеудің маңыздылығы, сондай-ақ достық, отбасы құндылықтары, білім, еңбек, жауапкершілік және қоғамдағы белсенділік секілді маңызды бағыттар көрініс тапқан.

Бүгіннен бастап «Qyzyq orta» инста-сериалы әлеуметтік желілер арқылы көрерменге жол тартады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: