Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаштық бір топ ана «Күміс алқа» тағынды

14.11.2023, 17:20 165

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов бірқатар анаға «Күміс алқа» наградасын табыстады.

– Қазіргі таңда елімізде әйелдер қауымының мемлекет және қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Сіздер барлық маңызды салада нәтижелі еңбек етіп, елдіктің жүгін ер-азаматтармен бірдей арқалап келесіздер. Біздің аналарымыз мен арулар – тек отбасының ғана ұйытқысы емес, олар бүкіл қоғамды алға сүйрейтін, елдің бірлігін күшейтетін, берекесін молайтатын аса қуатты қозғаушы күш. Бүгінде ауданымызда 1382 көпбалалы отбасы есепте тұрады. Көпбалалы ана, наградталғандар саны – 1018. Оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, 40-ы – Кеңестер Одағының «Батыр ана» атағына ие болған аналар, 304-і – «Алтын алқа», 630-ы – «Күміс алқа» иегерлері, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғани Кенжеғараұлы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа» иелері атанған аналарды марапаттады.

Іс-шарада аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ералы Роза, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова «Күміс алқа» иелерін құттықтап, сөз сөйледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: