Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйеліне «сыйлық» жасады…

24.05.2022, 12:34 495

Қызылордадағы ЗК-169/1 мекемесінің шаруашылық бөліміне қалдырылған Алдан есімді азамат, жасаған қылмысына өкінеді.

Өйткені ол, ұрланған жүзікті әйеліне сыйлаймын деп, отбасының шырқын бұзды.

Жасаған қылмысына қарай, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

  • Үш жарым жылдан астам уақыт біреулер үшін аз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мен үшін мұндағы әр күнім бір жылға татыйтын уақыттай болып өтуде. Екі жылымды артқа тастадым. Қалған бір жыл алты ай да өтер-ау. Өкініштісі сол, бостандыққа шыққанда мені күтіп отырған жарымммен, бауыр еті баламның болмауы. Сол күні әйеліме өтірік айтып, ұрланған алтындарымның ішінен бір жүзікті сыйға тарттым. Қалғандарын ломбардқа өткізіп, қомақты қаржы әкелдім үйге.

Бірақ, «өтіріктің құйрығы бірақ тұтам» деген ұзаққа бармай, тұзақталдым. «Тосын сыйлығымды» бетіме лақтырып, әйелім менннен бас тартып, ұлымды алып төркініне кетіп қалды. Маған тергеу жүріп жатқанда, ажырасуға арыз берді.

Қазақта алтын көрсе періште жолдан таяды деген сөз рас екен. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан орыс кемпірдің бір қобдиша алтындарын көргенде-ақ, менің санамда арам ой жылт ете қалды. Шіркін, мына алтындарды өткізсем, айлап қара жұмыс жасамай-ақ мол ақшаға кенелер едім деп армандап кеттім.

Ақырында, «шайтани ой» өз дегенін жасатты. Қолайлы сәт туғанда жалғызбасты кәрі кемпірдің қазынасын жымқырып, қылмыскер атандым- деді, өз әрекетінің дұрыс еместігін кеш түсінген сотталған.

  • Ия, ұрлық түбі қорлық, заңға қарсы әрекет жасаған екенсің, соған сай жауап бересің.

Уақытың келіп, жаза мерзімі де, аяқталар. Өкініштісі сол, Алдан сияқты, тепсе темір үзетін азаматтардың, оңай олжаға кенелем деп, қылмыскер атанып жататындығы.

Бұл адасқан жандардың, бостандыққа шыққан соң, маңдай тер еңбекпен, адал жолға түсіп өмір сүрулері үшін мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері қажырлы еңбек етіп келеді.

Қазіргі таңда шаруашылық бөліміне қалдырылған 14 сотталған бар. Олардың ішінде, ұрлық, біреудің дүние мүлкін жымқыру, заңсыз иелену баптары бойынша сотталған ер- азаматтар да жазасын өтеуде.

Сот шешіміне сүйене отырып, солардың кейбірінен, жеке тұлғаларға зиян келтірілген залалдарының орнын еңбек жалақыларынан өндіртіп береміз – дейді, АКАӘПТЖБ- нің бастығы А.Тұрманов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: