Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар республикалық форумда марапатталды

27.09.2026, 11:58 23

Астанада Президент орталығында Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумы өтті. Шараға Қызылорда облысының делегациясы да қатысып, бірқатар марапатқа ие болды.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы қызылордалық Абдрахмановтар әулетіне берілді. Әулеттің төрт буыны теміржол саласында еңбек етіп келеді. Олардың жалпы еңбек өтілі 318 жылға жеткен.

Әулет мүшелері әр жылдары «Ленин», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек даңқы» ордендерімен және өзге де марапаттармен наградталған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жаңа жол» ЖШС-де 40 жылдан астам механизатор болып еңбек еткен Талғат Байымбетов пен «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-де 31 жыл тас қалаушы болып жұмыс істеген Мырза Малкенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Еңбек күні Қазақстанда 2013 жылдан бері атаулы күндер қатарында аталып келеді. Форумның мақсаты – түрлі салада ұзақ жыл еңбек етіп, кәсібіне адалдығымен үлгі болған азаматтарды дәріптеу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: