Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда Enbek порталы төрт күнге шектелді

20.11.2026, 10:25 90

Қазақстанда жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер пайдаланатын Enbek цифрлық экожүйесінің сегіз ақпараттық ресурсына уақытша шектеу енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, техникалық жұмыстарға байланысты порталдардың қызметі 19 қараша сағат 22:00-ден 23 қараша сағат 08:00-ге дейін ішінара немесе толық шектеледі, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Уақытша шектеулер enbek.kz, migration.enbek.kz, career.enbek.kz, hr.enbek.kz, passport.enbek.kz, skills.enbek.kz, competence.enbek.kz және aleumet.egov.kz ақпараттық ресурстарына қатысты. Осы кезеңде азаматтар бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндеме орналастыру, жұмыс берушілердің ұсыныстарына өтінім беру және кәсіби дағдыларын бағалау қызметтерін пайдалана алмауы мүмкін. Сонымен қатар жұмыс берушілер мен ұйымдардың жеке кабинеттеріне кіруінде, мәліметтерді жаңартуында және электрондық өтінімдерді рәсімдеуінде қиындықтар туындауы ықтимал.

Жоспар бойынша порталдардың қалыпты жұмысы 23 қараша күні сағат 08:00-де қалпына келтірілуі тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: