Петропавлда тұрғындар үшін жылу тарифі қыркүйектен бастап 15 пайызға өсті. Бұл туралы «Петропавл жылу желілері» ЖШС директоры Виталий Холоша Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бес жылға арналған тариф биыл наурыз айында бекітілген. Қазіргі уақытта тарифті түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Биылғы жылыту маусымында тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін қосымша өсім болмайды,— деді Виталий Холоша.
Компания басшысының сөзінше, қыркүйектегі 15 пайыздық өсім осы жылыту маусымындағы соңғы өзгеріс болады. Алдағы айларда тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін жылу тарифін қайта көтеру жоспарланбаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!