Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ тәрбиесінің бастауы – ырым-тыйым (3-бөлім)

03.12.2023, 15:15 137

• Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды. Немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан келмейді, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.

• Балаға асықтың етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсақ та, асықтын етін мүжіме» деген мәтел бар.

• Жас балаға кеңірдек жегізбейді, келіншегін жалаңаш келеді немесе жалаңаш күйеуге барасың деп қорқытады.

• Ұрысқақ боласын деп көмекей жегізбейді.

• Тіл ұшын жесең, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдалған.

• Таңдай жесе шешен болады.

• Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе, немесе олар сәбидің ауызына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.

• Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.

• Жаңа туған баланың кіңдігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармаиды. Егер күл шығарылса, нәрестенің денсаулығы нашарлайды.

• Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.

• Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды.

• Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді.

• Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.

• Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

• Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. Бұл – әдепсіздік белгісі.

• Қыздардың ұлдарды тебуіне болмайды. Бұл көргенсіздік болып саналады.

• Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.

• Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.

• Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.

1-2-бөлімді төмендегі сілтемеге өтіп оқуға болады

1-бөлім

2-бөлім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: