Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ тәрбиесінің бастауы – ырым-тыйым

02.12.2023, 14:00 138

• Сәби алып отырған біреудін үстіне сиіп қойса, құт келеді деп қуанады, немесе балаң көп болады деп жұбатады.

• Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.

• Бала қаспақ жесе, оның үйлену тойында жаңбыр жауады.

• Баласы шымыр болсын деп әйелге сағыз шайнатады.

• Бала ортан жіліктің майын жесе бала мейірімсіз болады.

• Егер бір үйде қыз туыла берсе келесі бала ұл болсын деп оған ұлдын атын қояды.

• Баланың мойыны тез және түзу бексін деп оның шілдеханасына сойған қойдың омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.

• Шала туған баланы тымаққа салып, неше күн кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.

• Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туған балаға Қалдыбай, Қалдыгүл деп ат қояды.

• Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.

• Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырымы.

• Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады.Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса миы зақымданады, өміріне қатер төнеді деп жориды.

• Бесікке қолданып жүрген түбекті, шүмекті төңкермейді. Себебі, түбек пем шүмек нәрестенің рахаты үшін жасалған мүліктер. Оны төңкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап семеді, соңдықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, әйтпесе бала қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады.

• Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады. Сол жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрыңғы заманда дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып алып жүрген. Себебі сол жейде қауып-қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.

• Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені, сәбидің меселдесі қайтпасын, көңілі қайтпасың, көңілі қалмасың, жүрегі суымасын, келер бақыттың беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шаңырақта бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген мәтел осындайда пайда болған шығар.

• Сәбилер тоңқайып, екі аяғының арасынан қараса – жақсы нысанға баланады. «Жолаушы келеді», «Жол ашылады», « Алыстан туыстар қатынасады» деп қуанысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: