Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Азған елдің шалдары»: Сүндет тойдағы бата жұрттың ашуын туғызды

20.10.2026, 15:15 49

Әлеуметтік желіде жас балаға айтылған әдепсіз бата қызу талқыланып жатыр.

Сүндет тойлардың бірінде түсірілген видео таралып, көпшіліктің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Желіде жарияланған бейнежазбада жасы үлкен ер адамның сүндеттелген балаға бата беру кезінде әдепке жат сөздер айтқаны көрсетілген. Оның бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары сынға алып, батаның тәрбиелік мәні мен үлкендердің жауапкершілігі туралы пікір білдірген.

«Дап-дардай адам осылай бата бере ме?», «Батаның да киесі бар», «Балаға осындай бата бере ме екен!», «Азған елдің шалдары» деген пікірлер жазылған.

Көпшілік қазақ дәстүрінде батаның орны ерекше екенін айтып, әсіресе балаларға арналған қуанышты жиындарда үлкендердің өнегелі сөз сөйлеуі керектігін алға тартқан.

Әзірге бейнежазбаның нақты қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: