Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Каспийде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

24.09.2026, 14:36 23

Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты. Тағы үш адам құтқарылды, қалған әскери қызметшілерді іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде болған. Министрліктің алдын ала мәліметінше, ауа райы күрт бұзылып, жел күшейгеннен кейін 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. 

Олардың тоғызы қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылған, біреуі ауруханаға жеткізілді. Қалған жеті адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да қызметтер жұмылдырылған. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру жұмыстарын үйлестіру үшін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған комиссия Маңғыстау облысына аттанды. 

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Оқиғаға қатысты қосымша ақпарат ресми деректер расталған сайын жарияланбақ. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: