Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелідегі зауыт полиэтилен құбырларын шығаруда

01.08.2022, 16:15 295

HALYQLINE.KZ Шиеліде 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келген «Полихимпродукт» ЖШС 2011 жылдың 10 маусым айынан бері «Казахстанская Нефтехимическая компания Кемикал» ЖШС-ның Қызылорда филиалы ретінде қайта құрылып, түрлі көлемдегі полиэтилен құбырларын өндіруде.

Кәсіпорын бұған дейін тек тау-кен өндірісіне диаметрі 90х8 мм ұзындығы 11 метр құбырлар өнімін шығарған болса, жан-жақты сұраныстың пайда болуына байланысты өз мүмкіндіктерін қайта қарап, бүгінгі күні диаметрі 195х14,5 мм-лік полиэтилендік пластмасса құбырларын көптеп шығаруды қолға алды. Сондай-ақ, сүзгілік қабілетті КДФ 118 құбырларының бірнеше түрін тапсырысқа сай дайындап беретін болса, ауыз су тұтынуына қажетті тауарларды айналымға шығарды.

Сонымен қатар, зауыттың жылдық қуаттылығы – 951192 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, өндірілетін өнімнің шикізаты Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінен тасымалдануда.

Қазіргі таңда, кәсіпорында 100 адам 4 ауысыммен жұмыс істейді. Айта кетейік, бүгінде өлкедегі полиэтилен құбырын шығаратын зауыттың өнімдері аймақта сұранысқа ие. Оның дәлелі, 2022 жылдың 6 айында құны 1 млрд 856 млн 695 мың теңгенің құбырын өндірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: