Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені анықталды

08.10.2026, 15:00 90

HALYQLINE.KZ

Forbes Kazakhstan басылымы 2026 жылғы Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің рейтингін жариялады. Биыл 16-рет жасалған тізімнің көшін Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким бастады, деп жазады adaladam.kz.

Басылымның мәліметінше, рейтинг кәсіпкерлердің байлығына ғана емес, олардың ел экономикасына ықпалына, компаниялардағы үлесіне, қызметкерлер санына, салық төлемдеріне және қоғамдық белсенділігіне қарай жасалған.

Рейтингтің алғашқы ондығына мына кәсіпкерлер енді:

  1. Вячеслав Ким – Kaspi.kz, Alatau City Bank және Magnum бизнесімен байланысты.
  2. Болат Өтемұратов – ForteBank акционері, телекоммуникация және қонақүй бизнесіне инвестиция салады.
  3. Тимур Құлыбаев – Halyk Bank акцияларының бақылаушы пакетіне иелік етеді.
  4. Нұрлан Смағұлов – Astana Group және Astana Motors негізін қалаушы.
  5. Шахмұрат Мүтәліп – Integra Construction KZ компаниясының бенефициары.
  6. Тимур Турлов – Freedom Holding Corp. негізін қалаушы.
  7. Нұрлан Артықбаев – Qazaq Stroy және «Қазақмыс» корпорациясымен байланысты кәсіпкер.
  8. Андрей Лаврентьев – Allur және Qarmet кәсіпорындарымен байланысты.
  9. Айдын Рахымбаев – BI Group құрылыс холдингінің акционері.
  10. Владимир Ким – KAZ Minerals компаниясының акционері.

Ал рейтингтің екінші ондығына Шухрат Ибрагимов, Бақытбек Байсейітов, Данияр Әбілғазин, Александр Белович, Эдуард Огай, Айдан Кәрібжанов, Арманжан Байтасов, Дінмұхамед Ыдырысов, Құдрат Шәмиев және Қайрат Боранбаев кірді.

Тізімнің 21–30-орындарына Олег Новачук, Қанат Қопбаев, Еркін Тәтішев, Фаррух Махмұдов, Сергей Кан, Кеңес Рақышев, Серікжан Сейітжанов, Қайрат Мәжібаев, Берік Қаниев және Райымбек Баталов жайғасты.

31–40-орындардан Арсен Томский, Ерлік Балфанбаев, Елдар Әбдіразақов, Эдуард Ким, Қайрат Итемгенов, Владимир Денисов, Марғұлан Сейсембаев, Иван Сауэр, Алмас Сұлтанғазин және Алмаз Әлсенов көрінді.

Ал соңғы ондыққа Марат Жұман, Рауан Кенжеханұлы, Айдарбек Қожаназаров, Марат Сәрсенов, Ерлан Сүлейменов, Айғазы Құсайынов, Гауһар Қаппарова, Ғалымжан Есенов, Елдар Сәрсенов және Алмас Құдайберген енді.

Биыл рейтингке төрт жаңа кәсіпкер қосылған. Олар – Шахмұрат Мүтәліп, Нұрлан Артықбаев, Құдрат Шәмиев және Алмаз Әлсенов.

Рейтингті әзірлеу барысында сарапшылар 100-ден астам кәсіпкерді қарастырып, олардың арасынан 66 үміткерді іріктеген. Қорытынды тізімге бизнес, медиа және қоғамдық орта өкілдерінің бағалауы негізінде 50 кәсіпкер енгізілген.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның ең бай адамдарының емес, ел экономикасына ықпалы жоғары бизнесмендердің рейтингі. Сондықтан тізімдегі орын кәсіпкерлердің жеке дәулетінің көлемін тікелей білдірмейді.

Дереккөз: Forbes Kazakhstan – «50 самых влиятельных бизнесменов Казахстана – 2026».

Коллаж: ЖИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: