Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелілік кәсіпкер майлық қағаз шығарады

30.05.2024, 15:35 188

HALYQLINE.KZ

Сыр елінде кәсіпкерліктің кілтін тауып отырған азаматтар баршылық. Атап айтар болсақ, Шиелі ауданының тұрғындары ағалы-інілі Нұрбол мен Еркебұлан Есеновтер бүгінде бизнесін жандандырып отыр. Шағын цехта қағазды өңдеп, күніне 1000 қаптама майлық қағаз шығарумен айналысады. Қытайдан жеткізілген құрылғыларды ағайынды бауырлар өз қаражаттарына сатып алған. Қағаз майлықтың 100 данасы – 140 теңгеден, ал 80 данасы 10 теңгеден сатылады.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, қазіргі күні Есеновтер тауарын әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, таратып отыр. Бүгінде тұтынушыларының саны өсе түсіпті. «Orda» өніміне қазіргі күні аудан тұрғындарынан бөлек, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану мекемелері көптеп тапсырыс бере бастаған. Болашақта кәсіпкерлер әжетхана қағазын шығаруды да қолға алмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: