Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде полиэтилен құбыры шығады

14.09.2022, 14:00 528

HALYQLINE.KZ

Шиеліде 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келген «Полихимпродукт» ЖШС 2011 жылдың 10 маусымынан бері «Казахстанская Нефтехимическая компания Кемикал» ЖШС-ның Қызылорда филиалы ретінде қайта құрылып, түрлі көлемдегі полиэтилен құбырларын өндіруде.

Кәсіпорын бұған дейін тек тау-кен өндірісіне диаметрі 90х8 мм, ұзындығы 11 метр құбырлар шығарған болса, жан-жақты сұраныстың пайда болуына байланысты өз мүмкіндіктерін қайта қарап, бүгінгі күні диаметрі 195х14,5 мм-лік полиэтилендік пластмасса құбырларын көптеп шығаруды қолға алды. Сондай-ақ, сүзгілік қабілетті КДФ 118 құбырларының бірнеше түрін тапсырысқа сай дайындап берсе, ауызсу тұтынуына қажетті тауарларды да айналымға шығарды.

Сонымен қатар, зауыттың жылдық қуаттылығы 951192 шаршы метрді құрайды. Өндірілетін өнімнің шикізаты Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінен тасымалдануда.

Қазіргі таңда кәсіпорында 100 адам 4 ауысыммен жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгінде өлкедегі полиэтилен құбырын шығаратын серіктестіктің өнімдері аймақта сұранысқа ие. Оның дәлелі, 2022 жылдың 6 айында құны 1 млрд 856 млн 695 мың теңгенің құбырын өндірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: