Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сауалнама: Кәсіпкерлердің 27%-ы несие төлемін шегере тұруға мұқтаж

16.03.2020, 16:26 439

 «Атамекен» ортақ мәселелерді анықтап, ұсыныстарды шоғырландыру мақсатында бизнес-қоғамдастық арасында сауалнаманы іске қосты. Бұл ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Үкіметі алдында қазақстандық бизнеске келтірілетін залалды мейлінше азайтуға бағытталған тиімді шараларды ұсынуға көмектеседі

12 наурыздан бастап түрлі арналардан (сауалнама, колл-орталық, әлеуметтік желілер, ӨКП) «Атамекенге» 3 мыңнан астам кәсіпкер жүгінді. Өтінім жасағандардың басым бөлігі (86%) шағын және орта бизнес өкілдері. Қатысушылардың 69%-ы қызмет көрсету саласында жұмыс істейді (атап айтқанда 25%-ы туризм).

 Өкінішке қарай,   сауалнамаға қатысушылардың 52%-дан астамы коронавирустың таралуы салдарынан оларға келісімшарттық міндеттемелерді бұзуға тура келгенін айтты. Кәсіпкерлер міндеттемелерді орындамау себепті айыппұлдық санкцияларды төлеуге мәжбүр болғандарын айтуда.

Барлық кәсіпкерлерде дерлік сұраныс төмендеп жатыр, сәйкесінше, компания айналымы да төмендеген, алайда тұрақты шығындар көп.  Сауалнамаға қатысушылардың 34%-ы «орынжайды жалға алуды» ағымдағы жағдайда компанияларына қаржылық ауыртпалық ретінде көрсеткен. Еңбекақыны төлеу қоры (30%) – бизнеске анағұрлым әсер ететін екінші жағдай. Коммуналдық қызметтерді төлеуді респонденттердің 13%-ы таңдаған.

 Кәсіпкерлердің көбі кадрларға қатысты сұрақтар қойып жатыр. Еске салсақ, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылуда, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда өндірістің тұрып қалуына байланысты мерзімсіз демалыс жариялау ұйымдастыруға болады. Өндірістің тұрып қалу кезеңінде еңбекақыны төлеу тәртібі қызметкер және жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша  реттеледі, төлем мөлшері ең төменгі еңбеакқы көлемінен төмен болмауы керек.

  Сауалнамаға қатысушылардың 34%-дан астамы қызметкерлерді мерзімсіз демалысқа жібереміз деп жауап берді, 19%-ы – толық емес жұмыс күніне ауысатындарын белгіледі.

https://atameken.kz/uploads/content/images/WhatsApp%20Image%202020-03-16%20at%2010_39_17%20(1).jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: