Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Ауыл аманаты» жобасына құжаттар қабылданып жатыр

04.08.2023, 9:55 215

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар қала, аудандағы ауыл шаруашылығы немесе кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдеріне құжаттарын тапсыра алады, деп хабарлайды «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Қаржыландыру сомасы:

– ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке, яғни 8,6 млн теңгеге дейін;

– ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке немесе 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз.

Мерзімі:

– мал шаруашылығындағы жобаларға 7 жылға;

– бизнестің өзге де бағыттары үшін 5 жылға.

Кепілмүлікке тұрғын үй, пәтер, тұрғын емес ғимараттар, несие сомасы өтелмеген жағдайда қосымша кепіл ретінде жылжымалы мүлік және жер телімі қабылданады.

Жеңілдік кезеңі несие мерзімінің 1/3-нен аспайды.

Басты бағыттар:

1. ауыл шаруашылығы кооперациясы;

2. ауыл шаруашылығы тауарларын өңдіру, өңдеу және жаңа өңдеу;

3. егін шаруашылығы;

4. мал шаруашылығы (құс, балық, ара және мал шаруашылығы);

5. бизнестің өзге де бағыттарындағы жобалар.

Құжаттар тапсыру рәсімі:

1. жеке кәсіпкер жобаға қатысу үшін тізімге сәйкес толық құжатты жергілікті әкімдікке өткізеді;

2. жергілік әкімдік құжаттың толықтығын тексеріп, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына  жолдайды;

3. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құжаттарды қарауға алып, салалық қорытындылар жасап, шешім қабылдау үшін Несие комитетіне ұсынады;

4. Несие комитетінің оң қорытындысын алған жағдайда, кепілге қойылатын мүлікке тәуелсіз бағалау жасатылады;

5. келісімшартқа қол қойылып, ұсынылған кепіл уәкілетті органдарда тіркеуден өткізіледі;

6. қарыз беру жүзеге асырылады.

Бизнес жоспар әзірлеу үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен Бизнеске арналған үкімет мекемесіне хабарласуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 775 451 28 28 нөміріне хабарласыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: